Операторлар арзандатылған дизельді фермерлерге қаншадан сатуы керек

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев операторлар арзандатылған дизельді фермерлерге қаншадан сатуы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, біркелкі жеткізу кестесін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, биыл айына 81 мың тоннадан117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді. Осы біркелкі жеткізу кестесі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді», - деді министр.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, дизель отынын жеткізетін операторлар 1 литр дизельді егіншілерге 204 теңгеден жеткізіп жатыр.

Орташа баға осындай болып бекітілген.

«Бұл - автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайыз төмен», - деді Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар