Опера өнеріне бүкіл өмірін арнаған айтулы өнер иесі

None
None
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Роза Жаманова өзін ізбасары етіп тәрбиелеген қазақтың ұлы әншісі Күләш Бәйсейітованың үмітін толық ақтады. Бұл туралы бүгін Роза Үмбетқызын ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде мемлекет және қоғам қайраткері Жексенбек Еркінбеков айтты.

«Опера өнеріне ерекше құштар болып, бүкіл өмірін арнаған кім деген сауал қойылса мен еш ойланбастан Роза Жаманованың есімін атар едім. Ол өзінің саналы ғұмырының 60 жылдан астамын қасиетті опера өнеріне арнады. 1953 жылы консерваторияны бітіргеннен кейін осы киелі шаңырақтың табалдырығын аттап, бірден қызу еңбекке кірісіп кетті», - дейді Ж.Еркінбеков. Оның айтуынша, талантты жасты қазақтың ұлы әншісі Күләш Бәйсейітова өзіне жақын тартып, сахна өнерінің қыр-сырын жан-тәнімен үйретіп, үлгі-өнеге көрсетіп, ізбасар етіп тәрбиеледі. Роза Үмбетқызы ол үмітті толық ақтады. Өзінің ұқыптылығымен, табандылығымен, еңбексүйгіштігімен опера өнерінің шыңырау шыңына биіктеді. Қазақ өнері мен мәдениетінің Мәскеудегі екінші онкүндігінен кейін КСРО Халық әртісі атағын иеленді.

Соңғы жаңалықтар