«Open Almaty» жобасы халықаралық байқауда үздік жоба деп танылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Open Almaty» жобасы ТМД мен ЕАЭО қалалары арасында өтетін Х Халықаралық «Өмір сүруге болатын қала -2017» байқауында жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Қазылар Алматы қаласының жобасын жергілікті органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жағдайларда дереу көмек беруге бағытталған деп бағалады.

Конкурстық комиссияның қарауына 20 тәжірибе түскен. «Open Almaty» жобасымен қатар байқауда Қазан қаласының «Ашық мәліметтер», Санкт-Петербург қаласының инвесторларға арналған «Бірыңғай терезе» Дондағы Ростов қаласының электронды экскурсовод жобалары жүлдеге ие болды.

Конкурс қорытындысы бойынша, дипломмен марапатталған жобалар жалпықалалық проблемаларды шешудің үздік шешімдері, қажетті нормативті- құқықтық құжаттармен басқа да материлдар бар «Қалалық тәжірибелердің кітапханасы» базасына енді.

Еске сала кетсек, «Open Almaty» жобасы - Алматы әкімдігінің мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырудың, ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ететін жобасы.

«Open Almaty» порталы арқылы өмірлік қажет жағдайлардың түрлі шешімдер алгоритмімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, қаланың қызмет көрсету органдарының (жол, арық, жылу жүйесін, аулаларды және басқаларын жөндеу) жұмыс жоспарын білуге, қаланың коммуналды қызмет кәсіпорындарымен байланысуға болады.

Соңғы жаңалықтар