USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқарту келісіміне қатысты ұсыныстарды қарайды

2017 жылғы 26 наурыз 20:51
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай тасымалдаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) сәуір айында мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімнің мерзімін ұзартуға қатысты ұсыныстарды қарайды, делінген ұйымның баспасөз-баянында. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Министрліктер комитеті ОПЕК өкілдеріне мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін келісімнің мерзімін ұзартуға қатысты ұсыныстарды беруге кеңес берді»,-делінген құжатта.

ОПЕК өкілдері алыпсатарлардың мұнай бағасына деген ықпалының алдын алды.

Министрлік комитетінің өкілдері мұнайға деген сұраныстың уақытша тоқтауы, мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жүргізу, ОПЕК ұйымына мүше емес елдер тарапынан өндіріс көлемін ұлғайту сияқты маусымдың факторлар мұнай қорының біршама ұлғаюына үлес қосып отыр.

Соған қарамастан нарықтағы қаржы ойыншыларының позициялары жойылғандығы айтылады.

«Ал мұнай өндіру бойынша, маусымдық жөндеу жұмыстарының аяқталуы, АҚШ-тағы мұнай қорының айтарлықтай азаюы мен қалқымалы мұнай сақтау қоймалары санының кемуі нарықты тұрақтандыру бағытындағы шараларға қолдау көрсетеді»,-делінген баспасөз-баянындағы мәліметтерде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT