ОПЕК мұнай қоржының бағасы $52-ден төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК мұнай қоржының бағасы 11 қыркүйекте 0,71 АҚШ долларына немесе 1,4%-ға дейін төмендеп, бір баррель қара алтынның бағасы $51,82 болды, ал бір күн бұрын бір баррель мұнай 52,53 долларға көтерілген еді. Картелдің сайтындағы материалдарда осылай хабарланды.

ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) қоржын терминін ресми түрде 1987 жылғы 1 қаңтардан бері қолданып келеді. Мұнай қоржыны дегеніміз - картельге мүше 14 елдің әлемдік нарыққа шығаратын мұнай маркаларынан құралған шартты түрде алынған ұйым.

Қоржын құрамына мұнайдың мына маркалары енеді: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Zafiro (Экваторалық Гвинея), Rabi Light (Габон), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабиясы), Murban (БАӘ) және Merey (Венесуэла). Картель қоржыны ең жоғары тарихи бағасы - 2008 жылдың 3 шілдесінде тіркелген, мұнай баррелі 140,73 долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар