ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін азайтуға келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің 5-ші отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жиын қорытындысы бойынша, мұнай өндірісінің көлемін 6 айға шектеу туралы келісім жасалды. Келісім күші 2019 жылдың қаңтар айынан басталмақ. Бұл шешім ОПЕК-ке мүше елдердің қара алтынды өндіру көлемін тәулігіне 1,2 млн баррелге немесе әрбір ел үшін 2-ден  2,5%-ға дейін төмендетуді көздейді» делінген министрлік таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар