ОПЕК+ елдері өндіріс деңгейін ұлғайтуды жалғастыруға келісті
23:53, 02 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілдеде тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру қажет. Бұл туралы бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматында өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Оған Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.
Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша тәулігіне 1,655 млн баррель мұнай өндірмек.