ОПЕК+ елдері мұнай өндіруге қатысты жоспарын өзгертпейді

None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ОПЕК+ елдері мұнай өндіру жоспарын өзгертпейді. Картельдің жексенбі күні өткен мәжілістің қорытындысы бойынша жасаған мәлімдесінде әлемнің ірі мұнай өндірушілерінің келер жылдың соңына дейін мұнай өндіру көлемін 2 млн баррельге дейін қысқартуды жалғастыратыны айтылған.

Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім Ресей экспортына қатысты батыстық жаңа санкциялар күшіне енгенге дейін бір күн бұрын белгілі болды. Атап айтқанда, баға шегі мен мұнайдың теңіз арқылы тасымалына эмбарго енгізілді.

Сарапшылардың пікірінше, әлемдегі ең ірі шикі мұнай импорттаушысы - Қытайдағы сұраныстың болашағы туралы нақты түсініктің болмауы да статус-квоны сақтауға әсер етті.

Осы аптада Бейжің ковидке қарсы шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде ол тұтыну көлемін арттыруға әсер етуі мүмкін. Мұнай өндіру квотасы қазан айында Қытайдағы және жалпы әлемдегі экономикалық өсудің баяулауына байланысты төмендетілді.


Фото: Lisa Leutner/Copyright 2022 The AP

Соңғы жаңалықтар