Оңтүстіктің таулы аймақтарында қардың қалыңдығы 84 сантиметрге жеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстіктің таулы аймақтарында қардың қалыңдығы  84 сантиметрге жеткен. Облыстық гидрометрология орталығы мамандарының сөзінше, бүгін және ертең бұл аумақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін. 

Сондықтан, барынша сақтық шараларын сақтаған жөн , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, Алатаудың басында жауған қар ерімей, жауынның әсерінен тоң болып сіресіп жатыр. Сол себепті, нөсер жауын бірқатар өзен-көлдердегі судың деңгейін көтеріп жіберген. Десе де мамандар әзірге өңірде ешқандай қауіп жоқ деп отыр.

Наурыз айына жасалған болжамға сәйкес, өңірде 28 наурыз күні жауын-шашын болып, жел соғуы ықтимал. Кейін ауа температурасы күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 градусқа дейін жылиды. 30 наурызда күні күн құбылып, тәулік бойына нөсер жауады деп күтілуде. Тіпті, бірқатар жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар