Оңтүстіктің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ таңдауы - латын әліпбиі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше атап көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау жүріп жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кеңінен насихатталуда.

Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы да ел Президентінің бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Басқосуға "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Бақытжан Әшірбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д., профессор Жұмахан Мырхалықов бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Жиын барысында "Филология" факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Болат Тілеубердиев және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ақжол Қалшабеков, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов баяндама жасап, ойларын ортаға салды.

Студент жастардың атынан сөз сөйлеген Түрікменстан Республикасының азаматы, ОҚМУ-дың 3-курс студенті Алишер Хамраев «латын әліпбиіне көшу көптеген мүмкіншіліктерге, соның ішінде әлемдік ғылымға жол ашады», деген ойын білдірді.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар