Оңтүстіктің бірқатар мәдени қызметкерлері марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар мәдени қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен, арнайы төсбелгілерімен марапатталды. Бұл сапта өңірдің тарихи-мәдени жаңғыруы жолында еңбек еткендер көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Өңірдің  музей саласының ардагері Абдулла Жұмашов, өлкетанушы Ерлан Сыздық «Үздік өлкетанушы» естелік медаліне, этнограф-қолөнерші Кендебай Қарабдалов,  Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау, қалпына  келтіру  және  пайдалану  жөніндегі  орталық директорының міндетін атқарушы Жандос Құрбан Құрмет грамотасына ие болды.  Облыстық тарихи-өлкетану музейі археология бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Ержігітова мен ақпараттандыру секторының меңгерушісі  Гүлмира Лазар алғыс хатқа ие болды. Аймақтың мәдениет қызметкерлері бас қосқан жиында сондай-ақ өткен жылдың жұмысы қорытындыланып, келер жылға жоспарлар пысықталды. Жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер екшелді. Туған жерді түлетіп, тарихи ескерткіштерді жаңғырту жайы айтылды. Тарихи жәдігерлердің сақталуы мен келер ұрпаққа насихатталуы жөнінде пікірлер талқыланды. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы негізінде түсірілген жаңа туынды ел назарында ұсынылды. «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» атты 25 минуттық деректі фильм төскейдің тарихынан сыр шертті.  Мамандар оңтүстіктің тамаша жерлері туралы арнайы кітапшалар дайындап, бірқатар мәдениет үйлерін қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

null null null  

Соңғы жаңалықтар