Оңтүстіктің 10 жетістігі: Қайрат Ералиев, ТҮРКСОЙ форумы, тұрғын үй құрылысы...

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық сақталды.

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 526,9 млрд теңгені құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, 497,8 млрд  теңгенің өнімі өндірілді. Орташа айлық жалақы көлемі 5,4 пайызға артып, жыл басынан 72 943 жаңа жұмыс орны ашылды. Көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Жыл соңында ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облысының 10 жетістігін тізбектейді.

1. Түркістан қаласы түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанып, көне шаһарда 40-тан астам мәдени шаралар өтті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы ұйымдастырылды.
null  

2. Оңтүстік Қазақстан облысының боксшысы Қайрат Ералиев бокстан әлем чемпионы атанды. Гамбургте өткен ХІХ әлем чемпионатының 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ ұлы АҚШ боксшысы Дюк Раганмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
null 

3. Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік, инвестициялық форумы өтті. 500-ге жуық қонақ қатысқан форумда туризм саласындағы әлеуетті жобалар таныстырылып, әлеуетті серіктестермен В2В форматында кездесулер ұйымдастырылды.
null 

4. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастауымен Өзбекстанға ресми сапармен барған ОҚО әкімі көрші елдің 3 облысымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Өгем өзенінен суды бірігіп пайдалану мақсатында Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіліп, ауыз суды бөліп алуға келісім жасалды. Нәтижесінде, алдағы бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысының 700 мыңға тарта халқы бар үш ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қазақ-өзбек шекарасында халықаралық маңызы бар Ташкент-Термез (ТМ-39) тасжолы мен «Сырдария» өткізу бекеті ашылды.
null 

5. ОҚО-да алғаш рет сала мамандарына тәжірибе алмасу үшін Түркияға, Оңтүстік Кореяға жолдама берілді. Ұстаздар, дәрігерлер және коммуналдық шаруашылықтың мамандары мен журналистер, яғни, 300-ге жуық сала мамандары озық технологияны меңгеріп, шетелдік әріптестерінің жұмысымен танысып қайтты.

6. 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы облыста 279 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 109-ы, яғни 5893 пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,1 пайызға ұлғайғанын көрсетіп отыр.
null 

7. Облыста биыл 134 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 82-сі жаңа білім беру ұйымдары болса, 39 денсаулық сақтау, 7-уі мәдениет және спорт, өзге де 6 нысан бар. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен республикалық, облыстық бюджет есебінен жүргізілген білім нысандарының 32-сі биыл ел игілігіне берілсе, қалған 50 білім беру ғимараты келер жылы тапсырлады деп жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 39 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 34 нысан пайдалануға берілді. Ал, мәдениет саласында 4 нысан құрылысы жүргізіліп, екеуі биыл тапсырылса, қалған екі нысан құрылысы келер жылы ел игілігіне ұсынылады.
null 

8. Елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Өңір бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келеді. Бүгінде 2 914 054 адам мекендейтін облыста халық саны өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға көбейіп отыр. Облыс көлемінде 15 мыңнан астам жұп некеге тұрған болса, 59 061 бала дүние есігін ашқан. Оның ішінде 570 егіз бен 4 үшем өмірге келген. Бала туу көрсеткіші жөнінен Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласындағы көрсеткіштер жоғары.

9. Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері жоғары деңгейде  ұйымдастырылды. Оңтүстіктің өнерпаздарының қатысуымен 43 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 12 976 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Астаналықтарға 450 келі тәтті тоқаш тарту етіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына құрт, қымыз-қымран мен жеміс-жидектер тегін үлестірді. Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарындағы этноауылда құрбандық шалынып, 300 келі палау пісірілді.

10.  Оңтүстік Қазақстан облысының  бокс құрама командасы 9 күнге созылған ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Оңтүстіктің былғары қолғап шеберлері қарсыластарынан мықты екендіктері дәлелдеп шықты. Сондай-ақ Алматы қаласында өткен Қазақстан бокс федерациясы кубогының VIII маусымдық жарысында Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары екінші рет Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, 25 млн теңгені жеңіп алды.
null 

Соңғы жаңалықтар