Оңтүстіктегі елді мекендердің 41 пайызы ғана суды орталықтандырылған құбырдан алады - Қ. Айтаханов

None
None
АСТАНА. Қазанның 22-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 41 пайызы ғана суды орталықтандырылған құбырлар арқылы алады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Оңтүстік Қазақстан облысында 2,5 млн. астам халық тұрады. Бүгінгі таңда өңірдегі елді мекендердің 41 пайызы ғана орталықтандырылған су құбырлары арқылы су ішеді. Қалған елді мекен тұрғындары ауыз су ретінде арықтардан, құдықтар мен скважинадан шыққан ыстық суларды пайдаланып келеді. Соның салдарынан соңғы уақытта тұрғындар арасында бауыр, ішек, бүйрек аурулары көбеюде. Қазіргі таңда облыстағы 20 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаржы керек  екен. Бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайын және мемлекеттік сараптамадан өткен», деген сенатор Үкімет басшысынан  2010 жылға арналған республикалық бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаржы бөлдіруді сұрады.

Соңғы жаңалықтар