Оңтүстіктегі 2 жол апатынан 4 адам қаза тауып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған екі жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам қаза тауып, 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданына қарасты «Атакент-Жетісай» автожолының 98-ші шақырымында «ВАЗ» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалған. Соның салдарынан екі көліктің де жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, 4 жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Ал Созақ ауданына қарасты «Шымкент-Шолаққорған» авто жолының 15-ші шақырымында «БМВ» көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде 2 жолаушы оқиға орнында көз жұмып, жүргіуші мен тағы бір жолаушы аурухана түсті.

Соңғы жаңалықтар