Оңтүстікте жазғы жастар лагері сәтті ұйымдастырылды

None
None
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 13-16 маусым аралығында «Біркөлік» демалыс кешенінде облыстық «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық» жазғы лагері өтті.

Әр түрлі ұлттың 200-ге жуық жастары жиналған жазғы лагер аясында кездесулер, қызықты сайыстар, пікірталастар болды. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан халқы Ассамблясы жастар қанатының жұмысын күшейту, облыстағы жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру, белсенді жастарды, креативті жобаларды қолдау болып табылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жазғы лагерьдің жұмысына қатысқан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Төлебаев түрлі ұлт жастарының басын қосқан шараның маңыздылығын атай келе, болашақта осындай лагерлерді тұрақты өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. «Тілі басқа-тілегі бір жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны, өз араларыңда сыйластық, ынтымақ, бірліктің болғаны, бір шаңырақтың астында татулықты ту еткендеріңіз, бірлігі жарасқан елдің жастары екендеріңізді көрсетеді» - деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар