Оңтүстікте жауын, солтүстікте қар: 30 қарашаның күн райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 30 қарашаға жасалған күн райы болжаын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігі әлі де суық Солтүстік антициклонның ықпалында болғандықтан күн ашық алаайда аяз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан Республикасының аумағында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдері ауданында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді, кей жерлерде желдің жылдамдығы одан да жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы, тау аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Жамбыл облысында қар жауады.


Соңғы жаңалықтар