Оңтүстікте жаңартылатын энергия көздері насандарын салуға басымдық беріледі

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев спорттық нысандарды салуға машықтанған итальяндық кәсіпкер - Джанни Форабоскимен кездесті. Кездесу барысында екі тарап Шымкент қаласында заманауи талаптағы футбол алаңдарын салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бөлек, тараптар азық-түлік өнеркәсібі технологиясын жеткізу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті. Айта кетерлігі, бұл кездесу облыс әкімдігінің Еуропаға жасаған «роуд шоу» сапары шеңберіндегі Италия Республикасына іскерлік сапарының нәтижесінде ұйымдастырылып отыр. Кездесу екі тараптың экономикалық ынтымақтастығын арттырып, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деген сенім мол.

Соңғы жаңалықтар