Оңтүстікте ШЫҰ аясындағы «Қазығұрт-Антитеррор-2013» оқу-жаттығуы өтті

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымдық кеңесінің шешіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Қазығұрт-Антитеррор-2013» халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығуылары өткізілді. Шараға Ұйымға мүше елдердің барлығы дерлік қатысты. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Франция, Үндістан, Пәкістан, Белоруссия және Түркия секілді елдердің өкілдері халықаралық жаттығудың барысын бақылады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әскери шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ШЫҰ Өңірлік терроризімге қарсы құрылымы Атқару комитетінің директоры Чжан Синьфэн, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Өзбекстан, Қырғызыстан, Ресей, Қытай елдерінің және еліміздің әскери саладағы мамандары қатысты.

«Ақтас полигонында қолбасшы нұсқауы берілісімен әскери жаттығулардың негізгі бөлігі басталып, ол сәтті аяқталды. Жаттығу барысындағы арнайы операцияны бақылаған шетелдік қонақтар әскерилердің қимылын жіті бақылап, шараның көңілінен шыққандығын мәлімдеді.

Жаттығу жұмыстары аяқталған соң ҰҚК төрағасы халықаралық оқу-жаттығудың сәтті өтуіне үлес қосқан ұжымдар мен жеке тұлғаларды марапаттады. Олардың арасында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтан арнайы алғыс хат алды. Президенттің күзет қызметі, ҰҚК арнайы жасағы, Шекара қызметінің жедел қимылдайтын сарбаздары, Ішкі істер департаменті шұғыл топтарының өкілдері де марапатқа ие болды.

Соңғы жаңалықтар