Оңтүстікте мектеп директорларының кең кабинеті мен жеке хатшысы болмайды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мектеп директорларының кең кабинеті мен жеке хатшысы болмайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Ақтөре Талғатұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөре Талғатұлының сөзінше, «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен облыстағы барлық білім және денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының қызметтік бөлмелерін бірінші қабаттағы шағын кабинеттерге ауыстыру науқаны басталған. Осылайша басшылар қоғаммен еркін кері байланыс орнататын болады. Ал, директорлардың кабинетінде түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл бастама бүгінде Бәйдібек ауданында қолға алына бастады. Алдағы уақытта ауыл әкімдерінде де қабылдау бөлмесі мен хатшылық қызметі жойылмақ.

«Бұл ретте ешкім жұмыстан шығарылмайды. Тек директор мен іс-қағаз жүргізушісі бөлек кабинетке жайғасады. Аталған шараны облыс көлемінде 1 сәуірге дейін толық жүргізу жоспарланып отыр»,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Ақтөре Талғатұлы.

Соңғы жаңалықтар