Оңтүстікте еліміздегі тұңғыш медициналық электронды құрылғылар шығаратын жаңа зауыт ашылады

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - 4 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының ірі мекемелерінің бірі «Казмедприбор» ЖШС-ның елімізде алғаш рет медициналық электронды құрылғыларды шығаратын жаңа зауытының тұсаукесері өтеді. Шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен бірқатар министрліктердің өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

2013 жылы «Казмедприбор» ЖШС-да 2000 шаршы метр аумақта жаңа зауыт салу қолға алынған болатын. Жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді.

«Аталған зауытта елімізде тұңғыш рет ренген-апараттары, УДИ-апараттары, эндоскопиялық хирургия видеокомплексі, операциялық жарық шамдары мен үстелдері, емделушінің мониторы, фетальді мониторлар, ауа және бу стерилизаторлары, тағы басқа әлемдік стандарттарға сай медициналық құрал жабдықтарды шығарады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар