Оңтүстікте дүниеге келген 17 миллионыншы қазақстандық та ат мінді

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Сайрам ауданында туылған еліміздегі 17 миллионыншы қазақстандық тұрғын Алтынбек Есқараны аудан әкімі Уәлихан Қайназаров құттықтап, облыс халқы мен облыс әкімдігі атынан сәбиге ат мінгізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Отбасындағы төртінші ұл Алтынбектің алдында Нұрбек, Жәнібек, Асылбек атты ағалары бар. 2013 жылғы 15 мамырда дүниеге келген А. Есқараның әкесі Мұрат Есқараұлы - жұмыссыз, анасы Гүлмира Арысбекқызы мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар, аудан әкімі Уәлихан Қайназаров облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің 17 миллионыншы қазақстандық азаматтың ата-анасына жолдаған құттықтауын оқып берді.

Онда: «Құрметті Мұрат Есқараұлы, Гүлмира Арысбекқызы! Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі атынан Сіздерді отбасыларыңыздағы үлкен қуанышпен құттықтаймын. Ұлысымыздың ұйытқысы саналатын өңірінде он жеті миллионыншы қандасымыздың туылуы оңтүстіктің демографиялық мәртебесін тағы бір дәлелдеді. Баршамызға қуаныш сыйлаған сәбилеріңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын. Отбасыларыңызға амандық, жаңа қуаныштар тілеймін!» делінген.

Еске салсақ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Мырзахметов бұған дейін облыстың Қазығұрт ауданында дүниеге келген 11 миллионыншы қазаққа да ат мінгізген болатын. Осылайша, республикамыздағы 11 миллионыншы қазақ та, 17 миллионыншы қазақстандық та Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген болып отыр.

Соңғы жаңалықтар