Оңтүстікте ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 3,5 мың гектарға артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Селекторлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселе - көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2016ж. - 788,8 мың гектарға) салыстырғанда, биыл 3,5 мың гектарға артып, 792,3 мың гектарды құрайтынын айтты.

Ал егістікті әртаптандыру бойынша 2016 жылмен салыстырғанда мал азықтық дақылдарының көлемі 7,2 мың гектарға (230,0 мың гектар), дәндік жүгері 7 мың гектарға (47,2 мың гектар) артса, сәйкесінше мақта дақылы 4,6 мың гектарға (105,0 мың гектар), бидай 10,4 мың гектарға (165,1 мың гектар) қысқаратын болады.

Басқарма басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы жаздық астықты 36,7 мың гектарға егу межеленсе, бүгінге оның 10,8 мың гектары егіліп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Осы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны таратуға 20 оператор анықталған. Ал жұмыстарды атқаруға қолда бар трактордың 85%-ы (16530 бірлік), соқалардың 95%-ы (2489 бірлік), дән сепкіштің 90%-ы (2512 бірлік) жұмысқа дайын. Мұнан бөлек, қазіргі таңда өңірде 10,3 мың тонна тыңайтқыш алуға өтінім түсіп, босатылса, егілген 165,1 мың гектар күздік астықтың 67,2 мың гектары қоректендірілген.

Жиында Серік Ордабекұлы көктемгі дала жұмыстарына биыл жылдық пайыз мөлшері 6-8 пайызбен барлығы 2,5 млрд. теңге несие бөлінгенін жеткізді. Ал зиянкестерді жою бойынша химиялық өңдеу жұмыстарының көлемі былтырғыдан артып отыр.

Соңғы жаңалықтар