Оңтүстікте аудан-қала әкімдері халықты толғандырған сауалдарға тікелей эфирде жауап береді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында COVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Zoom бағдарламасы арқылы байланысқа шығып, республикалық БАҚ өкілдеріне облыстағы эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Қалқамановтың айтуынша, пандемиямен күрес кезіндегі қолға алынған шаралар және алдыңғы кезектегі мәселелермен тұрғындарды ақпараттандыру басты назарда.

Осы ретте облыс әкімінің орынбасары наурыз айынан бері күнделікті Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге 58 рет шығып, БАҚ өкілдері мен тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берген. Жұртшылықты ұдайы атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып келеді.

Бұл үрдіс жалғасын тауып, енді облыстағы 16 аудан-қала әкімдері белгіленген кестеге сай күнделікті тұрғындармен тікелей байланысқа шығатын болды. Осылайша жергілікті билік өкілдері халықты толғандырған сұрақтарға жауап бермек.

Әкімдердің арасында бірінші болып Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пен Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев тікелей эфирге шығып, пандемияға қарсы күрес және дәрі-дәрмек мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.

Эфир барысында тұрғындар осы кезеңде көрсетілетін көмек пен алдағы жоспар жайлы сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.


Соңғы жаңалықтар