Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 27 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Оңтүстікте 100-ге жуық адам кәсіптік мамандық алды

2017 жылғы 15 қараша 13:09 762
Бөлісіңіз:
Оңтүстікте 100-ге жуық адам кәсіптік мамандық алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 100-ге жуық адамға куәліктер берілді. Олар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған үш айлық курсты сәтті аяқтады. Қатысушылардың басым көпшілігі тігіншілікті игерсе, қалғаны электр слесарі мамандығын меңгерген. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш ай ішінде мамандықты меңгерген азаматтар тұрақты жұмысқа да орналасты. Аз уақыт аралығында бірі тігінші, бірі электр слесарі мамандығына машықтанып алды. Енді жұмысқа кірісуге сақадай сай. Ал Мөлдір Амантаева тіпті өз бизнесін ашпақ. Бағдарлама қатысушысы алдағы уақытта жеңілдетілген несие алып, жеке тігін цехын құруға ниетті. 

Айта кетейік, облыста бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мамандығы жоқ азаматтар еңбек нарығының сұранысына орай кәсіптік білім алуға - 4500, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 мыңнан аса адам жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданғандардың жартысына жуығы оқуды аяқтап, 2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, облыста бағдарламаны өз деңгейінде іске асыру нәтижесінде жұмыссыздар азайып, сұранысқа ие мамандар қатары  толығып отыр.

Айта кетейік, бүгінде өңірде сұранысы зор тігінші, сантехник, электр слесарі сияқты бас-аяғы он бес мамандықтың тізімі жасақталып отыр. Жұмыссыздықпен күресу мақсатында қолға алынған бағдарлама аясында осынау мамандықтарға азаматтарды кысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары өз деңгейінде жүргізілуде. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат