Оңтүстіккореялық футболшы Азияның үздік ойыншысы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея мен ағылшындық «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Сон Хын Мин 2022 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Оңтүстік Кореяның 30 жасар ойыншысы сауалнамада 256 ұпай жинап, бұл жүлдені алтыншы жыл қатарынан жеңіп алды.

Шабуылшының жалпы осындай 8 жүлдесі бар.

Азия футбол журналистері мен сарапшылары қатысқан сауалнамада екінші орынды 120 ұпаймен Мехди Тареми («Порту», Иран құрамасы) мен Салем Аль-Досари («Аль-Хилаль», Сауд Арабиясы) бөлісті.

Үздік бестікке сондай-ақ италиялық «Наполи» мен Оңтүстік Кореяның қорғаушысы Ким Мин Чжэ мен ағылшындық «Брайтон» мен Жапонияның вингері Каору Митома ілікті.

Биылғы маусымда Сон Хын Мин 28 матчта 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Англия премьер-лигасының 23-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда 11 ақпан күні «Лестермен» ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанғанын жазған болатынбыз.

Фото: GETTY IMAGES


Соңғы жаңалықтар