Оңтүстікқазақстандықтар қант диабетіне тегін тексеруден өте алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қараша - Дүниежүзілік сусақ ауруымен күрес күні. Бүгінде Жер бетінде бұл кеселге шалдыққан адамдардың саны 285 млн., болжам бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 380 миллионға жетеді. Науқастардың 50 пайызы өздеріндегі диагноз туралы білмей келеді, өткені диабет жасырын түрде де дами алады.

Аурудың бұл түрі және оның асқынуы - адамдардың қайтыс болуының негізгі себептерінің бірі. Бейресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда шамамен 900 мың адам диабетпен ауырады, оның ішінде ОҚО-да да ауыратындар саны көп, деп жазады жергілікті БАҚ.

Аталған шараға байланысты ОҚО-да «Диабетпен ауыратын адамдарды қолдау қоғамдық сайты» қоғамдық қоры «Сұңқар» медицина орталығында «Өзіңді диабетке тексер және оған шалдығу қаупін анықта!» атты тегін акцияны өтуде.

Ниет білдірген кез келген адам мұнда келіп, қандағы қант мөлшерінің жедел диагностикасынан өтіп, эндокринолог дәрігеріне көрініп, сол арқылы өзінің диабетке шалдығу қаупін анықтай алады. Ескі глюкометрін жаңасына ауыстырып, өзінің қант диабеті туралы сауатсыздығын жоюға мүмкіндік алады.

Ауруға ем іздегенше, ауырмаудың жолын ойлау қажет. Әсіресе, әңгіме диабет сияқты дерт туралы болғанда, оны тереңірек ұғыну керек.

Соңғы жаңалықтар