Оңтүстікқазақстандық түлектердің ҰБТ бойынша орташа балы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары

None
None
ШЫМКЕНТ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҰБТ қорытындысы бойынша, оңтүстікқазақстандық түлектердің орташа балы 86,2-ні құрады, деп хабарлады облыстық білім басқармасынан. Бұл ағымдағы жылы 84 балды құраған республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Сонымен қатар өткен жылы 70,76 балды құраған көрсеткіштен де жоғары.

Бірінші орында - Түлкібас ауданының 11-ші сынып оқушылары. Орташа балл - 96,18. Тестіні ең төмен тапсырғандар Түркістан оқушылары, олар орташа 70,85 балл жинады. Оңтүстік Қазақстан облысынан «Алтын белгіге» үміткер 786 түлектің 540-ы өз білімдерін дәлелдеді.

125 балдық жоғары нәтижені 7 оңтүстікқазақстандық иеленді. Олардың үшеуі Шымкент мектептерінен және екі-екіден Мақтарал мен Түлкібас аудандарынан шығып отыр. Маусымның 4-і мен 10-ы аралығында өткен ҰБТ-ны 26 мың түлек тапсырды.

Соңғы жаңалықтар