Оңтүстік Суданда 89 адам белгісіз аурудан қайтыс болды

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Соңғы бірнеше аптада Оңтүстік Суданның шығысында белгісіз дерттен 89 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстікафрикалық SABC радиостанциясының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ауру ошағына айналған Джонглей штатына жедел зерттеу үшін арнайы топ жіберген.

Оңтүстік Суданда жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар кем дегенде 89 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Өз кезегінде жергілікті билік қайдан шыққаны белгісіз аурудан көптеген адамдардың қайтыс болғаны туралы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі соңғы 60 жылда алғаш рет 2021 жылы болған ірі су тасқыны болған облыстарда тұрады. Тексеру барысында тарап жатқан аурудың тырысқақ болуы мүмкін екені расталмады.

Соңғы жаңалықтар