«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамауға алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылысқа қатысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл 15 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Мереке Күшікбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.



Соңғы жаңалықтар