Оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударғандарға қандай көмек жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударытындар үшін 428 жалға берілетін тұрғын үйді салуға 3 млрд теңге бөлінді.


Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бағдарлама аясындағы қанатқақты жоба тұрғысында 3 млрд теңге Солтүстік Қазақстан облысына бөлінді. Осы орайда оңтүстік облыстардан қоныс аударатындар үшін 428 жалға берілетін тұрғын үйді салу ескерілген», - деді Е. Жылқыбаев.

Осы орайда ол жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден қоныс аударатындарға қандай көмек жасалатынын айтты.

«Біріншіден, қоныс аударуға отбасының әр мүшесіне 88 мың теңге сомасында біржолғы төлем қарастырылған. Екіншіден, баспананы жалдау мен коммуналдық қызметтер төлемдеріне 30 АЕК немесе бір отбасыға жыл бойында ай сайын 77 мың теңге ескерілген», - деді Е. Жылқыбаев.

Мұнымен қоса, бғдарламаға белсенді қатысып жүрген жұмыс берушілер үшін субсидия қарастырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден адамдарды солтүстік облыстарға қоныстандыруға жұмыстарына тоқталса, биыл жоспар бойынша 2 253 отбасыны немесе 10 мың адамды көшіру ескерілген. Бүгінде 1 050 отбасы немесе 4 мың адам қоныс аударды.

Соңғы жаңалықтар