+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Оңтүстік өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелері тексерілді

2019 жылғы 20 желтоқсан 19:21
Бөлісіңіз:
Оңтүстік өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелері тексерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шымкент, Арыс гарнизондары мен Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барып келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қорғаныс министрі Талдықорған және Алматы гарнизондарына барды Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында курсант мерт болды Агенттік әскерилердің бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты

Арыстағы әскери бөлімде болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жұмыс, атап айтқанда қару-жарақ, әскери техника және инженерлік-саперлік батальонының жабдықтары, саперлерді зақымдаудан қорғайтын «Доспех» сонымен қатар, «Сокол», «Тень» қорғау костюмдері тексерілді.

Әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы – штаб бастығы полковник Темірбек Ерімбетов ұйымдастырылған жұмыс, жұмсалып жатқан күш пен құрал, орындалған және жоспарланған іс-шаралар жөнінде баяндады. Дәл сол күні оны ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындаған әскери бөлімнің командирі ретінде таныстырды.

Министр жеке құрамды батальон ретінде құрылғанымен құттықтап, қызметте табыс, оқу-жауынгерлік міндеттерді одан әрі атқаруға қатысты тілек білдірді.

Одан басқа, жарылғыш құралдарды залалсыздандыру мамандарының дайындық барысы тексерілді. Өткен айда шетелдік мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, жарылғыш заттарды іздеу, табу және жою жұмыстары жөніндегі кәсіби мамандарды дайындайтын арнайы курстар ашылды.

Қазіргі кезде Арыс маңында жеделдетілген топ жұмысын жалғастырып, оқ-дәрілерді басқа қоймаларға жеткізу жұмысы атқарылуда. Жалпы барлық кезең бойынша әскери мамандар қоймадан 1250 шаршы метрден астам аумаққа оқ-дәрілердің қалдықтарын іздеу мен жинау жұмыстары жүргізілді.

Сүңгуір топ 30 шақырымға жуық жергілікті өзеннің арнасын тазартты. Әскери қалашықта 13 тұрғын үй, әкімшілік-қазармалық аумақта 16 ғимарат қайта қалпына келтіріліп, Арыс-Шардара жолының 7 шақырымына жөндеу жұмысы жүргізілді.

Қызметтік іссапар барысында әуе шабуылына қарсы бригада оқу-жаттығу дабылы бойынша қауырт көтерілді. Кезекші күштер мен құралдар шартты қарсыласты анықтау мен оны жою жөніндегі оқу-жауынгерлік мақсатын толықтай орындады. Қорытынды ретінде әскерлерді жауынгерлік әзірлікті одан әрі дамыту жөнінде нұсқаулар берілді.

Түркістан қаласына сапары барысында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Түркістан» әуежайындағы әскери секторына қатысты әкімшілік ғимараттарының жобалары таныстырылды. Оларды тапсыру мерзімдері 2023 пен 2024 жылдардың тамыз айларына жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT