+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Оңтүстік өңірдегі жанармай мәселесі: Вице-министр түсініктеме берді

2021 жылғы 22 маусым 18:03
Бөлісіңіз:
Оңтүстік өңірдегі жанармай мәселесі: Вице-министр түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай өнімдерінің көтерме сауда бағасы бір қалыпта тұр. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының шалғай аудандарында дизель отыны мүлдем сатылмай отырғаны, кебір жерлерде литріне 300 теңгеге дейін қымбаттағаны, ал сұйытылған газ 10 күннен бері таломен сатылып жатқаны туралы сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Ә. Мағауов кешеден бері оңтүстік өңірлерде мұнай өнімдерін жөнелту көлемі артқанын жеткізді.

«1-2 күнде жағдай тұрақтанады деген ойдамыз. Мұнай өнімдерінің көтерме сауда бағасы бір қалыпта тұрғанын айтқым келеді, ешқандай өзгеріс жоқ. Мүмкін жанар-жағармай құю станцияларында өздерінің шешімімен бағаны қойып жатқан шығар. Кейбір отын құю орындары қазіргі жағдайды пайдаланып, бағаны көтеруі ықтимал. Бірақ алдағы уақытта бағаны түсіруге мәжбүр болады. Өйткені көтерме баға өзгермеді, бұрынғы құнымен келеді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол мұнай өнімдерін сататын компаниялар арасында баға бойынша өзара келісімдер болып жатса, онда тиісті органдар тексеру жүргізетінін айтты

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ә. Мағауов таяу күндері оңтүстік өңірлерде мұнай өнімдеріне қатысты жағдай тұрақтанатынын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT