Оңтүстік өңірде шекарадан тауарларды заңсыз тасымалдауға жол бермес үшін, тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргізу керек - Ө. Шөкеев

None
None
аурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Кеден одағы талаптарына сәйкес Оңтүстік өңірде шекарадан тауарларды заңсыз тасымалдауға жол бермес үшін, тұрғындар арасында тиісті түсіндіру шараларын жүргізу керектігін айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты Ө. Шөкеев Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері әр аптада шекаралас аймақтарға барып, тиісті түсіндіру шараларын жүргізу керектігін қадап айтты. «Әкімдер осы тұрғыда бұл әкімшілік шекара емес, мемлекеттік шекара екендігін түсіндіруі шарт», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

«Түсіндіру шараларын әр апта сайын ағымдағы тізімге енгізу керек. Атап айтқанда, әкімдер шекарашылармен, кеденшілермен жергілікті жерлерде барлық тиісті шараларды атқаруы керек», деді Ө. Шөкеев.

Сонымен қатар Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін арнайы ұйымдастырылатын кеңесте Кеден одағы мәселелері қаралатынын жеткізді.

Айта кетейік, Кеден одағы құрамындағы Ресей және Беларус мемлекеттері еліміздің оңтүстік өңірлері арқылы тауарлардың заңсыз кірмеуіне байланысты тиісті шараларды атқаруды ұсынған болатын. Осыған байланысты ҚР Үкіметі бүгінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тиісті шараларды атқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар