Оңтүстік Кореяның қазақстандықтарға заңды еңбек етуге рұқсат беруі маңызды – СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жинмен еңбек және көші-қон мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі кездесу барысында Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жин мырзамен мемлекетаралық байланыстың маңызын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға салдық. Өз тарапымнан, Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуі мәселесіне мән беріп, әсіресе, аталған елдің «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанды қосуы еліміз үшін аса маңызды екеніне назар аудардым», - деді Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жиннің елімізге сапары барысында ұйымдастырылған брифингте.


Ведомство басшысының мәлімдеуінше, Оңтүстік Кореямен саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық өрісін кеңейту - екі елге ортақ іс.

«Сондықтан министр Пак Жинмен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді тағы қуаттап, екіжақты қарым-қатынасымызды жаңа белеске шығаруға ортақ күш салатынымызға кәміл сенімдімін», - дейді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар