Оңтүстік Кореямен алдыңғы қатарлы технологиялар саласында ынтымақтасу керек - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан тарапы Оңтүстік Кореямен соңғы буынды технологиялар саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан-Корея бизнес-форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара елімізге Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің мемлекеттік сапармен келуіне орай ұйымдастырылды.

«Бүгінде Қазақстанда іскерлік бастамалар мен инвестицияларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Президент ретіндегі өзімнің міндетімде корей бизнесіне барынша жәрдемдесуді көріп отырмын. Бұған кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған біздің саясат та ықпал етеді. Бизнесті жүргізудегі жеңілдік бойынша Doing Business рейтингінде Қазақстан 28 орында. Сонымен қатар Шетел инвесторлары кеңесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы табысты жұмыс істеуде», - деді Мемлекет басшысы.

Қ. Тоқаев жалпы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саясаты арқасында еліміз экономикасына 300 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылғанын атап өтті. Осы көрсеткіш бойынша тартылған инвестиция тұрғысында Қазақстан посткеңестік елдер арасында алдыңғы орынға шықты.

Сонымен қатар ҚР Президенті еліміз Корея Республикасымен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және Еуразияда бірлескен жобаларды жүзеге асыру тұрғысында ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар