Оңтүстік Кореяда жолаушы ұшып бара жатқан ұшақтан түспек болған

None
Фото: en.yna.co.kr
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат - Тэгу халықаралық әуежайында жолаушы Asiana Airlines ұшағының есігін ашып, ұшақ қонып жатқанда түспек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтемемен.

Оқиға салдарынан көптеген жолаушы тыныс ала алмай қалған. Аьырой болғанда ұшақ жерге сәтті қонды, деп хабарлады ресми дереккөз.

Полиция ұшу кезінде есіктің тұтқасын ашқан 33 жастағы ер адамды ұстады. Чеджу аралынан ұшқан ұшақ Сеулден 237 шақырым қашықтықтағы Тэгуға бет алған. Жергілікті уақытпен 12:45-те әуе кемесінің есігі кенет ашылған. Кейін ұшақ есігі ашық күйі жерге қонған.

Есік ашылған кезде ұшақ 250 метр биіктікте болған. Борттағы 194 адам зардап шекпеген, тек 12 жолушының тыныс алуы қиындаған.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті есікті ашып, ұшақтан секірмекші болған.

«Стюардессалар жолаушы азаматтардан көмек сұрап, айқайлаған. Жанындағы адамлар оны ұстап, ішке қарай кіргізген», - деп мәлімдеді жолаушылардың бірі.


Соңғы жаңалықтар