Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген шетелдіктер Covid-19-ға тегін тест тапсырады

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген барлық шетелдікке коронавирусқа тексеруден тегін өтуге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap сайтына сілтеме жасап.

Министрлік құжаттары жоқ шетелдіктер, соның ішінде визаларының уақыты өткендер, ұялы телефон нөмірін ұсыну арқылы елдегі уақытша тестілеу орталықтарының кез келгенінен анонимді түрде Covid19-ға тест тапсыруына болады, деп мәлімдеді.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяға заңсыз келген шетелдіктердің саны 400 мыңға дейін өскен.


Соңғы жаңалықтар