Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны азайып келеді – СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандықтардың Оңтүстік Корея аумағында маусымдық жұмыс істеуіне рұқсат беру бойынша келіссөз енді басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Президент тиісті тапсырма беріп, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында маусымдық жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілсін деген болатын. Ол мәселе әлі бастапқы деңгейде. Сондықтан, қазір Корея тарапымен бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге айтарлықтай ақпарат жоқ. Келіссөз енді басталды», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны азайып келеді.

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтары ауыл шаруашылығы саласында заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін екені бұған дейін хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар