+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда вакциналанған туристерден карантин талаптары алынбақ

2021 жылғы 10 маусым 20:00
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда вакциналанған туристерден карантин талаптары алынбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі аймақтан вакциналанған туристер үшін карантин талаптарын алып тастамақ, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 2,7 мың адам вакцина алды ДДСҰ басшысы: Әлем халқының 70% -ын вакциналаған кезде ғана пандемияны жеңуге болады КВИ-ға қарсы вакцина алғандар қан донорлығынан 2 аптаға  шеттетіледі

Қазіргі таңда Сингапур және Тайвань сияқты елдермен өзара топтық туристік сапарлар туралы келіссөздер жүргізілуде. Аталмыш мемлекеттер эпидемиологиялық ахуалы тұрақты елдердің қатарына кіреді. Үкіметтің мұндай әрекеті пандемиядан зардап шеккен әуе тасымалы мен туризм индустриясын қайта жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы табысты күрес жүргізіліп жатқан Таиландпен, Гуаммен, содай-ақ, Сайпанмен келіссөздерді жүргізу басталады деп жоспарлануда.

АҚШ COVID-19-ға қарсы күресте үлкен меценаттық қадам жасамақ. Ақ үй әкімшілігі әлемге қайырымдылық жасау үшін Pfizer екпесінің 500 миллион дозасын сатып алатындығын мәлімдеді. Бұл – аз қамтылған елдерді коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі вакцинацияның ғаламдық жоспарының бір бөлігі Бұл вирустың таралуын тежеп, миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүміндік береді.

Пекин елде 800 миллионнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгендігін хабарлады. Иммундау Қытайдың 31 провинциясында жүргізіліп жатыр. Қытайда тұрғындардың басымдық берілген топтарын вакцинациялау 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталған. 1 маусымға дейін 1,4 миллиардтан астам тұрғынның 681,9 миллионы вакцинациялаудан өткен. Соңғы мәліметтер бойынша 808,962 миллион адам екпе салдырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT