Оңтүстік Кореяда үш аю егде жастағы ерлі-зайыпты фермерлерді жазым қылды

None
АСТАНА.ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында үш аю қоршаудан қашып шығып, екі адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы жұма күні елдегі өрт сөндірушілер мен полиция қызметі хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 307 шақырым жерде орналасқан Ульсан қаласында ферма басқаратын 60 жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті бейсенбі күні кешке табылды.

Ерлі-зайыптылардың қызынан ата-анасының бірнеше сағат бойы байланыс үзілгені туралы хабарлама түскен соң, фермаға құтқару қызметі жіберілген.

Олар азиялық екі қара аюды тордың сыртынан және біреуін ішінен тапқан. Содан кейін аюларды сол жерде атып тастады.


Фото: wallpaper.mob.org

Соңғы жаңалықтар