Оңтүстік Кореяда тайфун салдарынан 6,5 мың үй жарықсыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Оңтүстік Кореяның оңтүстігінде орналасқан Чеджу аралын Соулик тайфуны соқты. Дауыл жұма күні Сеулге жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Корей метеорологиялық басқармасының мәліметінше, тайфун аралға сағатына 16 шақырым жылдамдықпен жеткен. Өңірде түнімен жаңбыр жауған.

Дауыл мен нөсер жаңбырдың салдарынан 20 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып, бір ер адам жарақат алды. Аралда электр қуаты өшіп, шамамен 6 500 үй жарықсыз қалған.

Тайфун жұма күні түннің ортасында Оңтүстік Кореяның оңтүстік бөлігіне, Сеулге жұма күні шамамен таңғы 7-лерде жетеді деп күтілуде.

Елдегі теңіз порттары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, негізгі 9 әуежайдан ұшатын 216 рейс тоқтатылды. Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның 1 490 мектебінде сабақтар кейінге қалдырылды.

Корей метеорологиялық басқарманың мәліметінше,дауыл бүгін-ертең Шығыс теңізге жетіп, Ресейдің Приморский кентіне қауіп төндіруі мүмкін.

Фото: www.meteonova.ru

Соңғы жаңалықтар