Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды

None
None
СЕУЛ. YONHAP – ҚазАқпарат – Жұма күні Оңтүстік Корея тағы 256 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша елде дертке шалдыққандардың саны 2 022-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.

Ел билігі тұрғындарды жаппай тексерістен өткізу арқылы қауіпті вирустың таралуына қарсы күресіп жатыр.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда Қытайда пайда болған вирустан 13 адам өмірден өтті.

Расталған жағдайлардың жартысынан көбі оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласындағы діни сектаға барғандар.

256 оқиғаның 182-і Сеулден оңтүстік шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан Тэгу қаласында, ал 49-ы көршілес Солтүстік Кенсанда тіркелген.

Басқа да ірі провинциялар мен қалалар бірнеше індет жұқтырған адам туралы хабарлады. Ел астанасы Сеулде алты адам вирус жұқтырды, делінген Корей ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәлімдемесінде.

Жексенбі күні вирусты ескерту дәрежесі ең жоғарғы - «қызылға» көтерілгеннен кейін денсаулық сақтау органдары вирустың Оңтүстік Кореядағы ошағы – Тэгу мен Солтүстік Кенсан провинциясында таралуын тоқтатуға тырысып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, жақын күндері вирус жұқтырғандар саны артады. Себебі денсаулық сақтау органдары «Синчхонджи Иисус шіркеуі» діни сектасының 210 мыңнан астам мүшесін тексеруді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар