Оңтүстік Кореяда сұрапыл тайфун кесірінен жүзден астам рейс тоқтатылды

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяға бүгін таңертең «Линлинг» сұрапыл тайфуны келді, соның салдарынан толассыз нөсер жауып, дауыл соғып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге айтарлықтай қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ, дегенмен қатты желге байланысты 230 рейс тоқтатылды және кейінге қалдырылды. Желдің екпіні секундына 39 метрге жетті немесе 140 км/сағ болып отыр.

Әуежай әкімшілігінің дерегі бойынша, Сеулдегі Инчхон халықаралық әуежайына келіп қонатын немесе ұшатын 150 халықаралық рейс, елдің Чеджу курортты аралында 120 рейс тоқтатылды.

Елде бұрынғыша бірнеше ескерту жарияланып отыр. Себебі, тайфун Сеулге түсте келеді деп жоспарлануда.

Корея метеорологиялық қауымдастығының дерегіне сәйкес, тайфун солтүстікке қарай жылжып, сол күні Солтүстік Кореяға жетуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар