Оңтүстік Кореяда өтетін бизнес-идеялар байқауына 4 қазақстандық қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтетін бизнес-идеялар байқауының финалистері анықталды. Оған Қазақстан атынан төрт адам қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар-24 агенттігіне сілтеме жасап.

Жалпы Орталық Азия елдерінен барлығы 70 жоба келіп түскен. Оның ішінде 20 идеяны қазақстандықтар ұсынды.

Еске сала кетейік, байқауды Корея қоры және «Корея Республикасы - Орталық Азия» ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырып отыр. Қатысушылар Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобаларды ұсынды. Жеңімпаздар қараша айының 6-сында белгілі болады. Байқаудың бас жүлдесі - 5 мың АҚШ доллары. Бұдан басқа, конкурстың барлық қатысушылары Оңтүстік Кореяның жетекші іскер кеңесшілерінің семинарларына қатысады.

«Қазақстан өкілдері медицина, өндіріс және логистика салалары бойынша тың жобаларды ұсынды. Олардың идеялары креативті. Сондықтан қазылар алқасы жоғары бағалады. Барлық үміткерлер топтарға бөлінеді және финалда жүлделі орындар үшін бақы сынайды», - дейді қазылар алқасының мүшесі Чон Чханг.

 

Соңғы жаңалықтар