Оңтүстік Кореяда мамырда инфляция өсімі 5 пайыздан асуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея инфляциялық қысымды тежеу және халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap News Agency ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Банг Ги Сунның айтуынша, елде азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасын шұғыл тұрақтандыру қажеттігі туындап отыр.

Шенеунік атап өткендей, сарапшылардың пікірінше, тұтынушылық инфляция мамырда 5%-дан асып, өткен айлардағы өсу қарқынымен салыстырғанда (сәуірде – 4,8%, наурызда – 4,1%) жылдамдап, 2008 жылғы қыркүйекте белгіленген деңгейге жетуі мүмкін.

Халықаралық валюта қоры Оңтүстік Кореядағы инфляция 2022 жылы 4 пайызға артып, елдің орталық банкінің 2 пайыздық мақсатты көрсеткішін екі есеге арттырады деп болжайды.


Соңғы жаңалықтар