USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда құны 22,9 млн долларлық есірткі тәркіленді, 26 контрабандашы ұсталды

2021 жылғы 16 қараша 14:21
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда құны 22,9 млн долларлық есірткі тәркіленді, 26 контрабандашы ұсталды

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік-Шығыс Азияда тыйым салынған есірткіні контрабандалық жолмен елге таратты деп айыпталған 26 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Есірткі сатушы 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған Атырауда нашақор жігіт супермаркеттің күл-талқанын шығарған

Полиция сонда-ақ есірткі саудалаушылардан есірткі сатып алған 45 адамды ұстады. Күдікке ілінген 71 адамның 22-сі ресми түрде қамауға алынған.

Контрабанда дилерлері өткен жылдың мамыры мен тамыз айының арасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Оңтүстік Кореяға метамфетамин, синтетикалық каннабиоидтер және есірткінің басқа түрлерін жеткізгені анықталған. Есірткі тасымалдаушылары оларды елге кеден арқылы өткенде көлік құралдары компоненттерінің ішіне жасырып кіргізген.

Олар есірткіні әдетте бүкіл ел, соның ішінде Сеул, Инчхон және Кёнги мен Чхунчхон провинцияларында адам аяғы баспайтын жерлерде жасырған. Полицияның ақпаратынша, сатып алушыларға оларды қайдан таба алатыны туралы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы беріп отырған.

Полиция сондай-ақ құны 27 миллиард вонаға жуық (22,9 миллион АҚШ доллары) есірткіні тәркіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT