Оңтүстік Кореяда құлаған үй 17 жолаушы мінген автобусты басып қалды

None
None
КВАҢДЖУ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі Кваңджу қаласында құлаған бес қабатты ғимараттың жолаушылар автобусын басып қалуы салдарынан кем дегенде тоғыз адам көз жұмды, сегіз адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық өрттен сақтау қызметінің дерегінше, ішінде 17 жолаушысы бар автобус бұзуға ұйғарылған ғимараттың тап қасына тоқтаған кезде ол құлаған.

Қазір қайғылы оқиға орнында өрт сөндірушілер үйінділердің астында аман қалуы мүмкін адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізуде. Ғимараттың құлау себептері туралы әлі айтылмады.

Өрт сөндіру қызметі өкілінің сөзінше, онда болған барлық жұмысшылар алдын ала эвакуацияланған.

Құлаған ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан дүкен иесінің айтуынша, бұл оқиға жер сілкінісіне ұқсаған.

«Мен жолды көре алмай қалдым – бәрін тұман басып қалғандай болды, - деді ол журналистерге. – Кейін мен сыртқы камералардың жазбасынан ғимараттың автобусқа құлағанын көрдім».


Соңғы жаңалықтар