Оңтүстік Кореяда көшкін жүріп, төрт адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүріп, төрт адам қаза тапты, біреуі жоғалып кетті, деп хабарлады Yonhap сенбі күні.

Агенттіктің дерегі бойынша, келеңсіз жағдай кеше Сеулден оңтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Коксон уезінде болған.

Көшкін бес үйді басып қалған. Округтің 30 тұрғыны жақын маңдағы мектепке эвакуацияланды.

Сондай-ақ, бейсенбіде Yonhap агенттігі нөсер жаңбырға байланысты дамбадан босатылған су қайықты аударып, кем дегенде алты адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Соңғы уақытта Корей жарты аралында болған нөсер жаңбыр салдарынан Оңтүстік Кореяның 16 тұрғыны опат болды. 1,6 мың азамат қауіпсіз аумаққа көшірілді. 5 мың ғимарат қирап, 8 мың ауыл шаруашылығына жарамды жер су астында қалған.



Соңғы жаңалықтар