Оңтүстік Кореяда коронавирустың өршуіне байланысты парламент жұмысын тоқтатады

None
None
СЕУЛ. Киодо-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда коронавирус жағдайының қайта өршуі елдегі басқару жүйесіне әсер ете бастады. Бейсенбіде парламент жабылып, билеуші партияның кейбір қызметкерлері үйдегі карантинге алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Кореяның басқарушы демократиялық партиясының жоғары лауазымды тұлғаларының Ұлттық жиналыста кездесуі өткен болатын. Сол кездесуден кейін жергілікті репортер вирусқа оң нәтиже көрсетіп, аталмыш шаралар қабылданды. Парламент ғимараты мен депутаттардың кабинеттері дезинфекцияланғандықтан, бейсенбіге жоспарланған бірнеше парламент отырысы мен билеуші және оппозициялық депутаттар арасындағы кездесулер тоқтатылды.

Репортердің кем дегенде 50 адаммен, оның ішінде спикер Пак Бен Сег және билеуші партияның басқа да депутаттарымен байланысқаны анықталды.

Бұл жағдай бір палаталы заң шығару жиналысының күзге арналған 300 орындық жұмыс кестесін кейінге қалдыруға тура келуі мүмкін деген алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Айта кетсек, биліктегі партияның көшбасшылығы үшін бәсекелерді сенбі күні онлайн өткізу жоспарланған болатын.

Оңтүстік Корея бейсенбі күні вирус жұқтырудың 441 жаңа жағдайы туралы хабарлады. Бұл – наурыздан бергі ең көп өсім. Вирус өршіп тұрған Сеулде аурудың 154 жағдайы тіркелді. Корея астанасы үшін бұл коронавирус індеті кезіндегі ең көп көрсеткіш.


Соңғы жаңалықтар