Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың 600 оқиғасы тіркелді

None
None
СЕУЛ. РЕНХАП – ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың тағы 600 жағдайы тіркелді. Осылайша елде ауруға шалдыққандардың саны 4812 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.

Соңғы деректерге қарағанда, вирустан Оңтүстік Кореяда 28 адам көз жұмған.

Елде ауруды жұқтырудың 60 пайызға жуық оқиғасы Тэгу қаласындағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының мүшелерімен байланысты болып отыр. Тэгу – Оңтүстік Кореядағы 2,5 миллионға жуық тұрғыны бар ірі қала.

Елдің Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл діни сектаның бірнеше мүшесі өткен аптада Қытайда коронавирус шыққан қала Уханьда болған.

Кореяның ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, елде індет жұқтырудың 519 жаңа оқиғасы Тэгу қаласында, және тағы 61-і – оған көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелді.

Сеул қаласында коронавирусты жұқтырудың тағы жеті оқиғасы тіркелген.

Оңтүстіккореялық сарапшылар елде коронавирусты жұқтырудың расталған оқиғалары алдағы күндері өсетінін болжап отыр. Денсаулық сақтау органдары Тэгу қаласындағы Иса Синчхонджи шіркеуінің (Shincheonji Church of Jesus) 210 мыңнан астам мүшесін тексеруге кірісті.

Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарды коронавирус салдарынан консулдық есепке тұруды сұрап жатыр.


Соңғы жаңалықтар